Төлемдерді қайтару және тоқтату саясаты
«Перфоманс КЗ» ЖШС алынған төлемдердің күшін жою және қайтару ережелеріТөлемдердің күшін жою мен қайтарудың осы ережелері (бұдан әрі – Қайтару ережелері) картаны пайдалана отырып, Төлеушінің банктік шотынан ақша қаражатын есептен шығару және оларды Пайдаланушы келісімінде көрсетілген сыйақыны төлеу мақсатында Лицензиардың банктік шотына есепке алу жөніндегі барлық операцияларға қолданылады.
1. Қайтару ережелерінде қолданылатын терминдер1.1. Лицензиар – «Перфоманс КЗ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН: 210440026010).
1.2. Төлеуші – Төлем жасалған банктің шоттың иесі-жеке тұлға.
1.3. Пайдаланушы – Пайдаланушы келісімінің талаптарына қосылған төлеуші. Төлеушіге қолданылатын Қайтару ережелерінің талаптары Пайдаланушыға да тең дәрежеде қолданылуға жатады.
1.4. Пайдаланушы келісімі – Пайдаланушы Сервис фунцкионалын пайдалану кезінде Лицензиар мен Пайдаланушы арасындағы қатынастарды реттейтін қосылу шарты. Пайдаланушы келісімінің маңызды редакциясы танысу үшін Интернет желісінде келесі мекен-жай бойынша қолжетімді: https://credithero.kz/kk/documents/polzovatelskoe-soglashenie/.
1.5. Төлем – Пайдаланушы келісіміне сәйкес Лицензиардың сыйақы төлемі ретінде, Лицензиардың банктік шотына қосылған төлем шлюзін пайдалана отырып, Төлеушінің банктік шотынан ақша қаражаттарын есептен шығару.
1.6. Төлемді қайтару – Төлеушінің жазбаша талабы бойынша Лицензиардың төлемді ерікті түрде қайтаруы.
1.7. Сервис – https://credithero.kz мекен-жайы бойынша орналасқан, ақпараттар, мәтіндер, графикалық элементтер, дизайн, кескіндемелер, фото- және бейнематериалдар және зияткерлік қызметтің өзге де нәтижелері, сонымен қатар ақпараттық жүйеде қамтылған, айрықша құқықтары Лицензиарға тиесілі ЭЕМ арналған бағдарламалар жиынтығын ұсынатын интернет-ресурс.
1.8. Төлемді жою – Банк-эмитенттің ішкі ережелеріне сәйкес және Төлем Жүйесі операторының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын Төлемдерді қайтару.
1.9. Банк-эмитент – Төлеушінің Төлем жүзеге асырылған банктік шотына карта эмиссиясын жүзеге асыратын кредиттік ұйым.
1.10. Төлем Жүйесі – «VISA», «MasterCard» халықаралық төлем жүйелері және өзге де ұлттық және халықаралық төлем жүйелері.
2. Жалпы ережелер2.1. Қайтару ережелері барлық Төлемдерге қолданылады.
2.2. Егер Пайдаланушы Пайдаланушы келісімне сәйкес Төлемдерді кезең-кезеңімен жасайтын болса, Қайтару ережелерімен белгіленген Төлемді Қайтару туралы ережелер Пайдаланушы төлемді қайтару немесе оның күшін жою туралы талап жіберген күннің алдындағы күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде жасаған Төлемдерге қатысты ғана қолданылуы мүмкін.
3. Төлемді Жою тәртібі3.1. Төлемді жою келесі жағдайларда рұқсат етіледі:
- Деректемелері тіркеу кезінде Лицензиардың сыйақысын төлеу үшін көрсетілген картаны Төлеуші төлем жасағанға дейін жоғалтқан жағдайда;
- Төлем Төлеушінің келісімінсіз және рұқсатынсыз, соның ішінде үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде жасалған жағдайда.
3.2. Төлемнің күшін жою үшін Төлеуші Банк-эмитентке немесе Төлем жүйесінің Операторына хабарласуы тиіс (бұдан әрі – Төлемнің күшін жою туралы өтініш). Төлемнің күшін жою туралы өтінішке қойылатын талаптар, оны қарастыру тәртібі мен мерзімі Банк-эмитенттің және Төлем Жүйесі операторының құжаттарына сәйкес анықталады.
3.3. Банк-эмитентпен немесе Төлем Жүйесінің операторымен Төлемнің Күшін жоюға арналған негіздерді айқындау мақсатында іс қарауды жүргізген жағдайда, Лицензиар Банк-эмитентке және Төлем Жүйесінің операторына ақпараттық жәрдем көрсетеді.
4.1. Төлемді Қайтару келесі жағдайларда рұқсат етіледі:
4.1.1. Пайдаланушы келісімінде көрсетілгеннен көп сомада Төлем есептен шығарылған жағдайда;
4.1.2. Пайдаланушыға Пайдаланушы келісіміне сәйкес Сервистің ақылы функционалына қолжетімділік ұсынылмаған жағдайда.
4.2. Қайтар Ережелерінің бір де бір ережесін Лицензиардың Төлемді қайтаруды жасау міндеттемесі ретінде түсіндіруге болмайды. Төлемді Қайтару Лицензиардың құқығы болып табылады.
4.3. Қайтару ережелерінің 4.1 т. көрсетілген жағдайлардың бірі орын алған кезде, Төлеуші даулы Төлем жасалған сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде Лицензиарға Төлемді Қайтару туралы жазбаша талап (бұдан әрі – Төлемді Қайтару туралы Талап) жіберуі тиіс.
4.4. Қайтару Ережелерінің 4.2 т. сәйкес Төлемді Қайтару туралы Талапты Төлеуші hello@credithero.kz – электрондық поштасына немесе https://credithero.kz/kk/feedback/ мекен-жайы бойынша орналасқан Сервистегі нысанды толтыру арқылы жібереді.
4.5. Төлемді Қайтару туралы талаппен жүгінген кезде Төлеуші өзінің Төлемді қайтару ниетінің себебін байсалды, нақты және айқын хабарлауы тиіс.
4.6. Төлемді Қайтару туралы талапта мазмұндалуы тиіс:
- Төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты;
- Электронды поштаның мекен-жайы, егер Төлеуші Пайдаланушы келісімінің талаптарына қосылған болса;
- Төлем жасалған банктік картаның соңғы төрт цифрлары;
- Төлем жасалған күні және уақыта;
- Қайтару ережелерінің 4.1 т. сәйкес Төлемді Қайтару үшін негіз болып табылатын оқиғаның егжей-тегжейлі сипаттамасы.
4.7. Лицензиар Төлеушінің талабын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
4.7.1. Төлемді Қайтару туралы талаптарды қанағаттандыру туралы;
4.7.2. Төлемді Қайтару туралы талаптарды қанағаттандырудан бас тарту туралы;
4.7.3. Төлеушінің қосымша ақпаратты, сонымен қатар Төлемді Қайтару туралы талаптарда көрсетілген міндеттемелерді растайтын дәлелдемелерді ұсыну туралы (бұдан әрі – Ақпаратты қосымша ұсыну туралы сұрау салу);
4.8. Төлеуші Лицензиардан Ақпаратты қосымша ұсыну туралы сұрау салуды алған кезде 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде сұратылған ақпаратты немесе дәлелдемелерді Лицензиардың электрондық поштасына жіберуге міндетті.
4.9. Лицензиар Төлемді Қайтару туралы талап келіп түскен, немесе Төлеушімен жүгіну нысанында көрсетілген (егер Төлеуші талапты Сервис — https://credithero.kz/kk/feedback/ арқылы жіберілген болса) электрондық поштаның мекен-жайына (егер талап hello@credithero.kz электрондық поштаға жіберілсе), жауап жіберу жолымен қабылданған шешім туралы Төлеушіге хабарлайды.
4.10. Төлеушінің Төлемді Қайтару туралы талабы қанағаттандырылған жағдайда, Лицензиар 3 (үш) жұмыс күні ішінде Лицензиардың банктік шоты ашылған банкке Төлем сомасын қайтаруға тапсырма береді. Төлемді Қайтару Төлеушінің Төлем жасалған банктік шотына жүзеге асырылады.
4.11. Лицензиар Төлеушінің ақшалай қаражаттарынан Төлемді Қайтарудың нәтижесінде туындайтын шығындар сомасын ұстап қалуға құқылы.
4.12. Егер Лицензиардың банктік шоты ашылған банк Лицензиардың Төлемді Қайтару туралы тапсырмасын орындау алмаса, Лицензиар банктен тапсырманы орындаудың мүмкін еместігі туралы ақпарат алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы электрондық пошта арқылы Төлеушіге хабарлайды. Хабарламаны алғаннан кейін Төлеуші Лицензиарға Төлемді Қайтару үшін Төлеушінің өзекті банктік деректемелерін хабарлауы тиіс.
4.13. Лицензиар келесі жағдайларда Төлеушіге Төлемді Қайтару туралы талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы:
4.13.1. Төлеуші Төлемді Қайтару туралы талаптарда Қайтару ережелерінің 4.5 т. сәйкес барлық қажетті ақпаратты көрсетпеген жағдайда;
4.13.2. Төлеуші Қайтару ережелерінің 4.1 т. көрсетілген жағдайлардың орын алуын растайтын объективті дәлелдемелерді ұсынбаған жағдайда;
4.13.3. Төлеуші Төлемді Қайтару туралы талапты Қайтару ережелерінің 4.3 т. көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жіберген жағдайда;
4.13.4. Төлеуші сұрау салынған ақпаратты немесе дәлелдемелерді толық немесе ішінара ұсынбаған, сол сияқты оларды Қайтару ережелерінің 4.7 т. көрсетілген мерзімде ұсынбаған жағдайда.
4.13.5. Пайдаланушы Пайдаланушы келісімінің талаптарын бұзған жағдайда.
4.14. Лицензиар себебін түсіндірместен Төлеушінің Төлемді Қайтару туралы талабын қанағаттандырудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
5.1. Қайтару ережелерінің өзекті нұсқасы «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде, https://credithero.kz/kk/documents/chargeback-refund-policy/ мекен-жайы бойынша ашық қолжетімділікте орналастырылған.
5.2. Қайтару ережелері Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қайтару ережелерінде реттелмеген жағдайлар пайда болған кезде, мұндай жағдайлар Пайдаланушы келісіміне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.
5.3. Егер Пайдаланушы Қайтару ережелерінің қандай да бір талабымен келіспесе немесе қандай да бір талабы Пайдаланушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзады деп санайтын болса, ол Пайдаланушы келісімін жасаудан бас тартуы, немесе Лицензиарға Пайдаланушы келісімінен туындайтын міндеттемелерді орындаудан бас тарту туралы хабарлауы және Сервисті пайдалануды тоқтатуы тиіс.
5.4. Лицензиардың Төлеушімен өзара әрекеті мекен-жайы Қайтару ережелерінің 6 т. көрсетілген электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
5.5. Лицензиар Пайдаланушымен келісімсіз Қайтару ережелеріне өзгерістер енгізуге құқылы. Қайтару ережелерінің жаңа нұсқасы, егер өзге мерзім Қайтару ережелерінің жаңа нұсқасында көзделмеген болса, Сервисте жарияланған күннен бастап Пайдаланушы үшін заңды күшіне енеді.
5.6. Пайдаланушы өз бетінше, кемінде 5 (бес) күнтізбелік күнде бір рет Қайтару ережелерінде өзгерістердің болуын тексеруге міндеттенеді. Егер Пайдаланушы Қайтару ережелерінің жаңа нұсқасымен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы Пайдаланушы келісімінің талаптарына сәйкес жазылымды алып тастауы тиіс.
5.7. Пайдаланушы Қайтару ережелеріне Пайдаланушы келісіміне сәйкес Лицензиардың сыйақысын төлеуге арналған банктік картаның деректемелерін көрсету арқылы қосылады.
5.8. Пайдаланушы Қайтару ережелеріне қосылмас бұрын барлық ережелермен танысқанын, және Қайтару ережелерінің қағидалары оған түсінікті екенін және қосымша түсіндіруді талап етпейтініне сендіреді.
5.9. Лицензиар келесі жағдайларда Төлеушіде залалдардың пайда болғаны үшін жауапкершілік көтермейді:
- Банк-эмитенттің және Төлем Жүйесі операторының Төлемнің күшін жою туралы өтініштерді алған кезде олардың жасайтын әрекеттері үшін;
- Лицензиар Қайтару ережелеріне сәйкес Төлемді Қайтарудан бас тартқан жағдайда;
- банктің іс-әрекеті үшін және Лицензиардың Төлемді Қайтару туралы тапсырмасын орындау мерзімдері.
5.10. Төлеуші, бірнеше Төлемдерді жасауды қоса алғанда, Қайтар ережелерінің қағидаларын теріс пайдаланған жағдайда, Лицензиар Төлем сомасы мөлшерінде айыппұлды ұстап қалуы мүмкін.
БСН: 210440026010
Орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалинский район, Проспект Нұрсұлтан Назарбаев, дом 113/55, н.п. 40
Телефон: +77273122823
Электрондық поштаның уәкілетті мекен-жайы: hello@credithero.kz