Сұрақтарға жауаптар

Біз не істейміз?

Сервис несиеге ақша алуға клиенттердің өтінімдерін өңдейді. Біз 100% нәтижеге кепілдік бермейміз, бірақ әдетте 10 клиенттеріміздің 8-і шағын несие алады. Біздің алгоритмдеріміздің арқасында сіздің өтініміңіз тек қолайлы ұйымдарға ғана жіберілетін болады.

Несие тарихы нашар жағдайда ақшаны қалай алуға болады?

Көптеген несие берушілер қарыз алушының қаржылық жағдайын түсінеді және нашар кредиттік тарихына қарамастан, онымен шағын несие беру туралы шарт жасасуға дайын. Әрбір нақты жағдайда несие беруші несие тарихын ғана емес, сонымен бірге несие берушінің шағын несие беру туралы келісім жасасу туралы шешіміне әсер етуі мүмкін қарыз алушы туралы басқа ақпаратты да қарастыратынын ескерген жөн.

Мен бейресми жұмыс істеймін. Менің қарызға ақша алуға мүмкіндігім бар ма?

Сіз сондай-ақ ақша ала аласыз. Бізбен жұмыс істейтін ұйымдар Сіздің табыс көзіңіз бар екенін және ақшаны қайтара алатындығыңызды түсінеді.

Қазақстанда тіркеусіз ақша ала аламын ба?

Ақша алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы болу, 18 жастан үлкен және 60 жастан кіші болу, толық әрекетке қабілетті болу, ұялы телефон және банк картасы болу қажет.

Ақшаны қайда аударады?

Сіз ақшаны тікелей Қазақстанның кез келген банкінің шотына немесе банк картасына ала аласыз.

Төлем не үшін алынады?

Біз шағын несие таңдау сервисіне толықтай қол жеткізгені үшін және шағын несие беру туралы шешім қабылдауға сіздің сауалнамаңызды кредиттік ұйымдарға жібергені үшін төлемақы аламыз, біз әрқашан сервисімізді пайдалану бәріне қолайлы болу үшін оны жақсартуға тырысамыз. Төлем мөлшері сайттың келесі бөдімдерінде көрсетілген:

  • сайттың басты бетінде
  • Пайдаланушы келісімінде
  • бірінші чек бокстағы сауалнаманы толтыру кезінде
  • сайттың барлық беттерінің төменгі жағында "Қолданыстағы тарифтер"
  • қосымша картаны тіркеген кезде

Жазылымды қалай өшіре аламын?

Жазалымды сайттың мәзір бөлімінде “Жазылымды өшіру” арқылы өшіре аласыз. Немесе "Кері байланыс" арқылы картаның соңғы 4 санын, өтінімді ресімдеу кезінде көрсеткен e-mail мен телефон нөмірін көрсетіп бізге жазсаңыз болады .

Карта нөмірін қалай өзгертуге болады?

Өкінішке орай, карта нөмірін өзгерту мүмкін емес. Сізге жаңа электрондық пошта және телефон нөмірімен жаңа өтініш қалдыру керек. Содан кейін сіз қалаған картаны қоса аласыз.

Сервиске CVV кодтың қажеті не?

Шағын несие таңдау бойынша сервисіне толық қолжетімділікті төлеуге сіздің картаңыздан сома алынуы үшін CVV кодын енгізу қажет. Карта деректерін эквайринг қызметін ұсынатын кредиттік ұйым сақтайды, ол карта деректерінің қауіпсіздігіне жауап береді.

Егер логин мен парольді ұмытып қалсам не істеуім керек?

Жеке кабинетке кіру үшін сізге сайт парақшасының жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Кіру" батырмасын басу қажет, содан соң "е-mail арқылы кіруді қалпына келтіру" сілтемесіне басып, өтінімді толтыру кезінде қалдырған e-mail енгізу қажет. Осыдан кейін сіз көрсеткен e-mail – ге жаңа пароль жіберіледі, ал логин-бұл сіздің телефон нөміріңіз болады.

Менің өтінішім мақұлданды ма, жоқ па, оны қалай білуге болады?

Сіздің өтініміңіз мақұлданған жағдайда шағын несие беруге дайын ұйым Сізге смс хабарламамен, колл орталықтан қоңырау шалып немесе email-ге хатпен хабарлайды.

Неліктен мен картамды байла алмай отырмын?

Әдетте бірнеше себептер болуы мүмкін және картаны байлау кезінде төлем шлюзі бұл туралы хабарлайды: картада қаражат жеткіліксіз, SMS-тен код дұрыс енгізілмеген, карта деректері дұрыс енгізілмеген және т.б. егер мұның бәрі сіздің тарапыңыздан дұрыс жасалса, басқа банк картасын байлап көріңіз немесе картаны берген банкке хабарласып, интернет төлемінің лимитін алып тастаңыз.

Егер менде карта болмаса мен шот нөмірін көрсете аламын ба?

Өкінішке орай, жоқ. Өтінімді қалдыру үшін Сіз тек банк картасының нөмірін пайдалануыңыз керек және SMS-кодты пайдаланып оның иесі екеніңізді растауыңыз керек.

Жеке деректерімді қалай жоюға болады?

Біздің мамандармен "Кері байланыс" бөлімі арқылы байланысуыңыз керек. Өтінімді рәсімдеу кезінде картаның соңғы 4 санын, e-mail мен телефон нөмірін көрсетіңіз. Хабарламада көрсетіңіз: "Менің жеке деректерімді жоюды сұраймын." Жеке деректерді жою жеке кабинеттің жабылуына әкелетін қайтарымсыз әрекет болып табылатындығын еске саламыз.

Маған ақша өте қажет болып тұр. Не істеу керек?

Шағын несие алу үшін біздің сайтта өтінім қалдыру қажет. Содан кейін жеке кабинетте өзіңізге сәйкес келетін ұсыныстарды көре аласыз, сондай-ақ e-mail, push және смс жіберілімдерді алатын боласыз. Өзіңізге лайық ұсынысты таңдағаннан соң, өтінім жіберу керек. Микроқаржы ұйымы тарапынан оң шешім қабылданған жағдайда Сізбен таңдалған ұйымның қызметкерлері хабарласады және шағын несиенің қолайлы нұсқаларын ұсынатын болады.

Өтінімді қалай қалдыруға болады?

Осы сайтта тек онлайн. Сіз тіркеу кезінде өтінімді толтырасыз, сервис осы өтінімді несие берушілерге жібереді.

Менің өтінішім мақұлданды ма, несиені қалай алуға болады?

Шағын несиені мақұлдаған кредиттік ұйым сізбен байланысады. Біз тек несие таңдаумен ғана айналысамыз. Біздің қызметтерімізді пайдаланғаныңыз үшін рахмет. Ақшалай қаражат шағын несие беру туралы шартта Сіз және микроқаржы ұйымы келіскен шарттарға сәйкес беріледі.

Жазылымды өшіру кезінде менде қате шығады. Не істеу керек?

Мүмкін Сіз келесі деректерді дұрыс енгізбеуіңіз мүмкін:

  • телефон нөмірі
  • email
  • картаның соңғы 4 саны
Өтінімді толтыру кезінде қалдырған деректерді енгізу керек. Егер барлық деректерді дұрыс енгізіп, бірақ сонда да жазылымды өшіре алмайтын болсаңыз, бізге жазыңыз "Кері байланыс".

Қарызға бірыңғай өтінім
Таңдау