Пайдаланушы келісімі

Пайдаланушы келісімі (№ 2 редакция)
Жариялау күні: 28 ақпан, 2024 жыл
Заңды күшіне ену күні: 28 ақпан, 2024 жыл

Осы пайдаланушы келісімі Пайдаланушы Сервис функционалын пайдалану кезінде Лицензиар мен Пайдаланушы арасында пайда болатын қатынастарды реттейді. Пайдаланушы келісімі қосылу шарты болып табылады.

ОСЫ ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІНІҢ МӘТІНІН МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ЕГЕР СІЗ ҚАНДАЙ ДА БІР ТАЛАППЕН КЕЛІСПЕЙТІН БОЛСАҢЫЗ, «Перфоманс КЗ» ЖШС КЕЗ КЕЛГЕН ТӘСІЛМЕН СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУДАН БАС ТАРТУДЫ ҰСЫНАДЫ.

1. Терминдер:

1.1. Лицензиар – «Перфоманс КЗ» ЖШС, БСН: 210440026010, Сервиске арналған айрықша құқықтар тиесілі болатын (зияткерлік қызметтің өз бетінше нәтижесі болып табылатын Сервистің әрбір құрамдас бөлігіне арналған айрықша құқықтарды қоса алғанда) және Пайдаланушы келісімінің талаптарына сәйкес Пайдаланушыға қарапайым (айрықша емес) лицензия негізінде Сервис функционалын пайдалану құқығын ұсынатын заңды тұлға.
1.2. Пайдаланушы-Пайдаланушы келісімінің шарттарына қосылған және Сервистің функционалын пайдаланатын әрекетке қабілетті жеке тұлға.
1.3. Сервис – ақпараттың, мәтіндердің, графикалық элементтердің, дизайнның, бағдарламалық қамтамасыз етудің, деректер базаларының және https://credithero.kz/ (URL) мекен-жайы бойынша осындай ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ететін ақпараттың жүйеде мазмұндалатын өзге де зияткерлік қызмет нәтижелерінің жиынтығы.
1.4. Жеке кабинет – Пайдаланушы келісімінің талаптарына сәйкес Сервисте тіркелгеннен кейін Пайдаланушыға қолжетімділік беретін Сервис функционалы. Жеке кабинеттің ақылы функционалына қолжетімділік Пайдаланушыға лицензиялық сыйақыны төлегеннен кейін ұсынылады.
1.5. Кредитор – Лицензиар шарт жасасқан, сондай-ақ ақпараттық және жарнамалық жіберілімді алуға Пайдаланушының келісімі негізінде Пайдаланушыға қарыз шартын жасасу туралы хабарламалар, ұсыныстар жіберуге құқылы Пайдаланушы келісіміндегі №1 қосымшада көрсетілген тұлға.
1.6. Кредиттік рейтинг – Сервисте тіркелу кезінде Пайдаланушымен ұсынылған ақпараттың негізінде Сервис функционалымен жүзеге асырылатын Пайдаланушының кредиттік қабілеттілігін бағалау.
1.7. Микрокредит беру туралы шарт – ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында (қазақстандық теңге) ақша ұсыну туралы Пайдаланушы мен Кредитор арасында жасалатын шарт.
1.8. Пайдаланушы келісімінде анықталмаған терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндірілуге жатады.

2. Келісімнің мәні

2.1. Лицензиар Пайдаланушыға Сервис функционалын пайдалану құқығын, ал лицензиялық сыйақыны төлеген кезде – Сервистің ақылы функционалын пайдалану құқығын ұсынады.

2.2. Сервис функционалын пайдалану құқықтары Пайдаланушыға Лицензиарға лицензияларды басқа тұлғаларға беру құқығын сақтай отырып, ұсынылады.

2.3. Сервисті пайдаланудың рұқсат етілген тәсілдері:

2.3.1. Сервисте орналастырылған ақпаратқа қолжетімділік. Ақпараттың бір бөлігі Сервистің Жеке кабинетіне және Сервистің ақылы функционалына қолжетімділік алғаннан кейін ғана қолжетімді болуы мүмкін;

2.3.2. Пайдаланушының өзі туралы толық және шынайы мәліметтерді ұсынуы;

2.3.3. Пайдаланушының Сервисте тіркеуден және авторизациядан өтуі;

2.3.4. Лицензиармен өзара іс-қимыл;

2.3.5. Сервистегі тиісті нысандарды толтыру жолымен Лицензиарға ақпараттарды табыстау;

2.3.6. Сервистің ақылы функционалына қолжетімділік;

2.3.7. Өзге Сервис функционалын оның мақсатына сәйкес пайдалану.

2.4. Пайдаланушы келісімінің 2.3 т. тікелей көрсетілгендерден басқа, Пайдаланушыға Сервиске ешқандай өзге құқықтар ұсынылмайды. Сонымен бірге, Пайдаланушыға заңнамамен көзделуі мүмкін, бірақ Пайдаланушы келісімінде тікелей көрсетілмеген құқықтар ұсынылмайды.

2.5. Пайдаланушы Сервисті және оның кез келген құрамдас бөліктерін пайдалану кезінде төменде көрсетілген іс-әрекеттерді қолдануға құқылы емес:

  • Сервис кодына қандай да бір өзгерістер енгізу, сол сияқты оны түрлендіру;
  • үшінші тұлғаларға Сервисті пайдалануға арналған кез келген құқықтар беру;
  • Сервис кодын немесе олардың қандай да бір құрамдас бөліктерін түрлендіруді жүзеге асыру, жетілдіру, басқа тілдерге аудару, қайта құрастыру, дизассемблерлеу, қайта кодтау, эмуляциялау, тұтастығын бұзу, бастапқы кодын қалпына келтіру;
  • басқа Пайдаланушылардың жеке деректеріне қолжетімділік алу мақсаттары үшін әлеуметтік инженерия әдістерін пайдалану;
  • қорғаныс жүйесінің тұтастығын бұзу немесе Сервисті қорғаудың техникалық құралдарын айналып өтуге, алуға немесе деактивтендіруге бағытталған қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
  • Сервистің, табысталатын ақпараттың немесе хаттамалардың тұтастығын бұрмалауға, жоюға, бүлдіруге, имитациялауға немесе бұзуға арналған бағдарламалық кодтарды пайдалану.

2.6. Егер Пайдаланушы келісімінде өзгеше мерзім қарастырылмаса, Пайдаланушы Сервис функционалын қолдануға құқылы мерзім: Пайдаланушы келісімін тоқтату күніне дейін немесе Лицензиардың Сервиске айрықша құқықтары тоқтатылғанға дейін. Бұрынырақ орын алған оқиға Пайдаланушы келісімін тоқтатуға негіз болып саналады. Сервистің ақылы функционалы үшін Пайдаланушы келісімінде өзге де қарастырылуы мүмкін.

2.7. Пайдаланушы Сервистің ақылы функционалын пайдалануға құқылы мерзім: лицензиялық сыйақыны төлеген күннен бастап 5 (бес) күн ішінде.

2.8. Сервисті пайдалану рұқсат етілетін аумақ – Қазақстан Республикасы.

2.9. Егер Пайдаланушы келісімінде өзгеше көзделмесе Пайдаланушы келісімінің шарттары Сервистің жаңартуларына, жаңа нұсқаларына да қолданылады.

2.10. Пайдаланушы келісімінің бір де бір ережесі Пайдаланушыға зияткерлік қызмет нәтижесі болып табылатын бүкіл Сервиске немесе оның бір бөлігіне айрықша құқықтарды табыстау немесе айрықша лицензияны ұсыну ретінде түсіндірілмейді.

2.11. Сервисте орналастырылған ақпарат Лицензиардың зияткерлік қызметінің нәтижесі болып табылады. Осындай ақпаратқа барлық мүліктік немесе жеке мүліктік емес құқықтар өзге белгіленгенге дейін Лицензиарға тиесілі болады. Пайдаланушы келісімінде тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының зияткерлік қызмет нәтижелері мен Сервисте орналастырылған материалдарды Лицензиардың жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға құқығы жоқ.

3. Сервистің функционалы

3.1. Сервис функционалы келесілерге арналған:

3.1.1. Пайдаланушыны Сервисте тіркеу, авторизациялау;

3.1.2. үшінші тұлғаларға тиесілі ақпараттық жүйелерде және деректер базаларында Пайдаланушы туралы ақпаратты жинау, үшінші тұлғалардан ақпарат алу;

3.1.3. Пайдаланушымен ұсынылған ақпаратты бағалау;

3.1.4. Пайдаланушы туралы ақпаратты бақылау нәтижелері бойынша Кредиторларға жіберу;

3.1.5 Пайдаланушымен Қарыз шартын жасасу туралы алдын ала шешім қабылдаған Кредиторлар туралы Пайдаланушыға ақпарат беру;

3.1.6. Пайдаланушыға электр байланысының арналары арқылы Лицензиардың, Кредиторлардың акциялары, ұсыныстары, қызметтері туралы ақпаратты жіберу;

3.1.7. Пайдаланушыға үшінші тұлғаларға тиесілі ақпараттық жүйелерде және деректер базаларында ол туралы үшінші тұлғалардан алынған ақпаратты ұсыну;

3.1.8. Пайдаланушыға Лицензиармен Сервисте орналастырылған ақпаратты ұсыну.

3.2. Пайдаланушы келісімінің 3.1.2 және 3.1.7 тармақтарын орындау шеңберінде, Пайдаланушы «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-не жеке деректерін беруге келісімін білдіреді және Сервисті пайдалана отырып, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС қалыптастырған жеке кредиттік рейтингін алуға келіседі.

3.3. Пайдаланушының Пайдаланушы келісімімен қарастырылмаған тәсілдермен Сервисті пайдалануға құқығы жоқ.

3.4.  Лицензиар Сервистің ақылы функционалына қолжетімділікті қоспағанда, Сервистің функционалына қолжетімділікті өтеусіз береді. Сервистің ақылы функционалына Жеке кабинеттің келесі бөлімдері жатады:

3.4.1. Жеке кабинет бөлімдерінде ақпаратты ұсыну және жаңарту:

3.4.1.1. Кредиттік рейтинг.
Жеке кабинеттің осы бөлімінде Пайдаланушыға берілген Кредиттік рейтинг туралы ақпарат көрсетіледі. Кредиттік рейтинг Пайдаланушыға Сервисте тіркелгеннен кейін Пайдаланушы ұсынған ақпараттың және Сервистің функционалына енгізілген алгоритмдердің негізінде беріледі. Кредиттік рейтинг Пайдаланушыны хабардар етуге арналған және кредитор үшін міндетті болып табылмайды;

3.4.1.2. Берешек.
Жеке кабинеттің бұл бөлімінде Пайдаланушы борышкер болып әрекет ететін (немесе болған) атқарушылық іс жүргізу жөніндегі ақпарат көрсетіледі;
Пайдаланушы келісімінің 3.3.1 т. көрсетілген ақпарат лицензиялық сыйақы төленген күні ұсынылады және жаңартылады.

3.4.2. Жеке кабинет бөлімдерінде орналастырылған ақпаратқа қолжетімділік, Лицензиар лицензиялық сыйақыны төлегеннен кейін Пайдаланушыға ұсынатын қолжетімділік.
Пайдаланушы келісімінің 3.3.2 т. көрсетілген ақпаратқа қолжетімділік Пайдаланушы келісімінің 2.7. т. көрсетілген мерзімге ұсынылады.

3.5. Сервисте тіркелгеннен кейін Пайдаланушы туралы ақпарат автоматты режімде Шағын несие беру туралы шартын жасасу туралы алдын ала шешім қабылдау үшін, талаптарына Пайдаланушы сәйкес келетін Кредиторларға жіберіледі.

3.6. Пайдаланушы туралы ақпаратты Кредиторларға жібергеннен кейін, «Өңдеуде» мәртебесі көрсетіледі.

3.7. Егер Пайдаланушы туралы ақпарат кредиторға жеткен болса, «Жіберілген» мәртебесі көрсетіледі.

3.8. Егер Пайдаланушы туралы ақпарат кредиторға жетпеген болса, «Қателік» мәртебесі көрсетіледі. Мұндай жағдайда Жеке кабинетте көрсетілген ақпаратты тексеру және оны қайтадан жіберуді бастау керек.

3.9. Пайдаланушы Жеке кабинетте көрсетілген және Микрокредит беру туралы шартты жасасу туралы оң алдын ала шешім қабылдаған кез келген Кредиторды таңдай алады, және Микрокредит беру туралы шартты жасасу үшін Кредитордың сайтына өте алады. Микрокредит беру туралы шарт Кредитордың жергілікті актілеріне сәйкес жасалады.

3.10. Пайдаланушы Кредитордан онымен Микрокредит беру туралы шарт жасасуды талап етуге құқылы емес. Кредитор Пайдаланушыға Микрокредит беру туралы шарт жасасудан бас тартуы мүмкін.

3.11. Лицензиар Сервис функционалын пайдалану кезінде Пайдаланушының электрондық поштасына, мобильдік телефонының нөміріне тауардың жарнамасы, Лицензиардың, Кредиторлардың қызметтері мазмұндалуы мүмкін ақпараттық және жарнамалық материалдар жібереді. Пайдаланушы «Осы жіберілімге сырғытпа жауап беру үшін, сілтеме бойынша өтіңіз» мәтінінің қасындағы электрондық хатта қамтылған гиперсілтемені басу және «Орындау» батырмасын басу арқылы ерікті білдіруді растау жолымен немесе Лицензиарға жарнаманы алудан бас тарту туралы өтінішті жіберу жолымен Сервистегі нысанды толтыру арқылы ақпараттық және жарнамалық материалдарды алудан бас тартуға құқылы.

3.12. Тараптар логин мен құпиясөзді, Жеке кабинеттің функционалына қолжетімділік өтінімінің нөмірін табыстау туралы акт жасамайды.

3.13. Пайдаланушы Сервисті пайдалану туралы есепті құрастырмайды және оны Лицензиарға ұсынуға міндетті емес.

4. Пайдаланушыны Сервисте тіркеу және авторизациялау

4.1. Сервисте тіркелу кезінде Пайдаланушы Сервисте орналастырылған нысанлы толтыру жолымен Лицензиарға өзі туралы келесі ақпаратты табыстайды:

  • Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
  • Туған күні;
  • Паспорттық деректер;
  • Микрокредит ұсынылған қала;
  • Электрондық поштаның мекен-жайы;
  • Телефон нөмірі.

4.2. Сервисте тіркелу кезінде Пайдаланушы Сервисте орналастырылған нысанды толтыру жолымен, сондай-ақ Лицензиарға сұратылатын микрокредиттің мөлшері туралы ақпаратты табыстайды.

4.3. Пайдаланушы Сервисте тіркелу кезінде өзі туралы толық және дұрыс ақпаратты ұсынатынына кепілдік береді. Лицензиар Пайдаланушымен тіркелу кезінде ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қоса алғанда, ашық деректер көздері арқылы тексеруге құқылы.

4.4. Пайдаланушы Пайдаланушы келісімінің шарттарына Пайдаланушы келісімінің 4.1 4.2-тармағында көрсетілген әрекеттер жиынтығын жасау және чек-бокстағы «Пайдаланушы келісімінің шарттарымен және әрбір бес күн сайын үш мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз теңге Сервиске ақы төлеумен келісемін» деген мәтіннің жанына белгі қою арқылы қосылады.

4.5. Пайдаланушыны тіркеу Пайдаланушы келісімінің 4.1, 4.2, 4.4-тармақтарында көрсетілген әрекеттерді орындаған және Сервистегі «Жалғастыру» батырмасын басқан сәттен бастап аяқталған болып саналады.

4.6. Пайдаланушы өзі туралы және сұратылатын микрокредиттің мөлшері туралы дұрыс емес ақпарат ұсынумен байланысты барлық тәуекелдерді көтереді.

4.7. Пайдаланушы келісімінің шарттарына қосыла отырып, Пайдаланушы:
қажетті құқықтық қабілеттілікті, әрекет қабілеттілігін иеленетінін, Пайдаланушы келісімінің шарттарын орындауға және Пайдаланушы келісімін бұзғаны үшін, соның ішінде

  • Сервисті пайдалану салдарынан туындайтын құқықтық қатынастар бойынша жауапкершілік көтеруге қабілетті екенін растайды;
  • тіркеу кезінде өзі туралы толық және дұрыс ақпаратты көрсеткенін растайды;
  • ол Пайдаланушы келісімінің шарттарымен және Дербес деректерді өңдеу саясатымен мұқият және толық көлемде танысқанын мойындайды және растайды;
  • Пайдаланушы келісімінің және Дербес деректерді өңдеу саясатының барлық ережелері өзіне түсінікті екенін және қосымша түсіндіруді қажет етпейтінін мойындайды және растайды;
  • Пайдаланушы келісімінің шарттарымен, Дербес деректерді өңдеу саясатымен, жарнамалық және ақпараттық жіберілімдерді алуға өзінің толық және сөзсіз келісімін білдіреді.

4.8. Пайдаланушы тіркеу кезінде көрсеткен банктік шот туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін Лицензиар пайдаланушының банктік шотынан 100 (жүз) қазақстандық теңгеге дейін есептен шығаруға құқылы, содан кейін Лицензиар есептен шығарылған соманы , банктік шотқа қайтарады.

4.9. Пайдаланушы Жеке кабинеттегі Сервис функционалына қолжетімділік алғаннан кейін лицензиялық сыйақыны төлеу үшін банктік шот туралы мәліметтерді көрсете алады немесе өзгерте алады.

4.10. Тіркелгеннен кейін Лицензиар Пайдаланушының электрондық поштасының мекен-жайына Жеке кабинетте кейіннен авторландыру үшін қажетті логин мен құпиясөзді жібереді.

4.11. Жеке кабинетті пайдалану үшін Пайдаланушы логин мен құпиясөзді немесе тіркеу және құпиясөз кезінде көрсетілген телефон нөмірін пайдалана отырып, Сервисте авторизациялануы тиіс.

4.12. Пайдаланушы Сервис функционалын пайдалана отырып, Сервисте авторизациялау үшін қолданылатын кұпиясөзді өзгертуге құқылы.

4.13. Пайдаланушы тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайы арқылы Жеке кабинетке қолжетімділікті қалпына келтіруге құқылы.

5. Лицензиялық сыйақы

5.1. Лицензиар Пайдаланушыға, Сервистің ақылы функционалын қоспағанда, Сервис функционалын өтеусіз пайдалану құқығын ұсынады.

5.2. Лицензиялық сыйақыны төлеу толық алдын ала төлем бойынша жүзеге асырылады.

5.3. Лицензиардың лицензиялық сыйақысы Сервистің ақылы функционалына қолжетімділіктің әбір 5 (бес) күні сайын 3999 (үш мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) қазақстандық теңгені құрайды.

5.4. Лицензиялық сыйақы сомасы Пайдаланушының банктік шотынан онда ақша қаражаттары жеткілікті болған кезде автоматты түрде есептен шығарылады. Пайдаланушының банктік шотынан лицензиялық сыйақыны есептен шығару Лицензиармен Пайдаланушының банктік шоты туралы мәліметтер тексерілгеннен кейін және Лицензиар Пайдаланушының Сервистің ақылы функционалын пайдаланудан бас тартуын алғанға дейін мерзімді жүзеге асырылады. Егер лицензиялық сыйақы сомасы Лицензиардың шотына есепке жатқызылмаса, Лицензиар Пайдаланушының банктік шотынан лицензиялық сыйақыны есептен шығаруға арналған қосымша әрекеттер жасауға құқылы.

5.5. Пайдаланушы https://credithero.kz/kk/unsubscribe/ мекен-жайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған Сервистегі нысанды толтыру, «Сұратуды жіберу» батырмасын басу арқылы Сервистің ақылы функционалына қолжетімділіктен бас тарта алады. Егер Пайдаланушы жазылымнан бас тартпаса және Сервистің ақылы функционалдығын пайдалануды жалғастырса, лицензиялық алым сомасы Пайдаланушының банктік шотынан автоматты түрде есептен шығарылады.

5.6. Егер Пайдаланушы Пайдаланушы келісімінің 5.3-тармағына сәйкес Лицензиар Пайдаланушыға рұқсат беретін мерзім аяқталғанға дейін Лицензиарға Сервистің ақылы функционалына қол жеткізуден бас тартуды жіберсе, онда лицензиялық сыйақы, сондай-ақ лицензиялық сыйақының Жеке кабинеттен қол жеткізуден бас тартқан күннен бастап Пайдаланушы келісімінің 5.3-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейінгі кезеңге барабар бөлігі қайтарылуға жатпайды.

5.7. Лицензиялық сыйақыны төлеу туралы чекті Лицензиар Пайдаланушыға Сервисте тіркелген кезде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына жібереді.

5.8. Лицензиялық сыйақыны қайтару және жою ережелері Сервисте https://credithero.kz/kk/documents/chargeback-refund-policy/ мекен-жайы бойынша орналастырылған.

6. Лицензиардың құқықтары мен міндеттері

6.1. Лицензиар Сервисте жарнама блоктарын, баннерлер, оның кез келген салаларында, оның ішінде Пайдаланушының қосымша келісімінсіз Пайдаланушымен жарияланған ақпарат орналастырылатын жерлерде хабарландырулар орнластыруға құқылы.

6.2. Лицензиар келесі мән-жайлар анықталған кезде Пайдаланушының Сервис функционалына қолжетімділікті бұғаттауға құқылы:

  • Пайдаланушының іс-әрекеттеріне үшінші тұлғалардан кінәрат-талаптардың келіп түсуі;
  • Сервисті пайдалана отырып жасалатын құқыққа қарсы қызметті анықтау;
  • Пайдаланушы келісімінің ережелерін бұзу.

6.3. Лицензиар Пайдаланушыға Сервис функционалының бір бөлігін, атап айтқанда Сервис орналасқан серверде профилактикалық және техникалық жұмыстар жүргізу кезінде, шектеуге құқылы;

6.4. Лицензиар Сервистің жұмысқа қабілеттілігін қолдау үшін профилактикалық немесе техникалық жұмыстарды жүргізетін кезеңдерді қоспағанда, Лицензиар Пайдаланушының Сервис функционалына тәулік бойы қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

6.5. Лицензиар Сервистің жұмысын тоқтата тұруға, профилактикалық және техникалық жұмыстарды жүргізу үшін Сервистің, Жеке кабинеттің функционалына қолжетімділікті шектеуге құқылы. Көрсетілген жұмыстар мүмкіндікке қарай – Лицензиардың сағаттық белдеуіне сәйкес түнгі уақытта немесе демалыс күндері жүргізіледі. Профилактикалық жұмыстар жүргізу мүмкін болмаған кезде түнгі уақытта немесе демалыс күндері жүргізіледі.

6.6. Лицензиар, егер мұндай жұмыстарды жүргізбеу ол үшін шығыстардың ұлғаюына және (немесе) шығындардың (нұқсанның) туындауына әкеп соғатын болса, профилактикалық жұмыстарды өзге уақытта жүргізуге құқылы.

6.7. Лицензиар Сервис функционалына өзгерістер енгізуге, Сервистің жаңартылған нұсқаларын шығаруға құқылы.

7. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

7.1. Пайдаланушы Жеке кабинетте өзін тіркеу кезінде өзі туралы көрсеткен және өзгертілуі Жеке кабинеттің функционалымен рұқсат етілетін ақпаратты өзгертуге, нақтылауға құқылы;

7.2. Пайдаланушы Пайдаланушы келісімінің талаптарына сәйкес Лицензиарға Пайдаланушы туралы ақпаратты кез келген Кредиторға жіберуге, Пайдаланушымен қарыз шартын жасасу мүмкіндігін қарау үшін Кредитордан өтінімді толтыруға өкілеттік береді.

7.3. Пайдаланушы үшінші тұлғалардың логин мен құпиясөзге, Пайдаланушыны авторизациялау үшін қажетті өтінім нөміріне, Жеке кабинеттің функционалына рұқсатсыз кіруінің алдын алу бойынша тиісті шараларды өз бетінше қабылдауға, оның ішінде Пайдаланушының құрылғысын үшінші тұлғалар пайдаланған немесе Пайдаланушы үшінші тұлғаның құрылғысын пайдаланған жағдайда құпиясөздің сақталмауын қадағалауға міндеттенеді.

7.4. Пайдаланушы кез келген жағдайда Пайдаланушының екі логинін/құпиясөзін немесе өтінім нөмірін/телефон нөмірін бұзуға қабілетті санкцияланбаған қауіпсіздік нормалары туралы, сондай-ақ Пайдаланушы келісімінің талаптарын бұзу туралы Лицензиарды дереу хабардар етуге міндеттенеді.

8. Жауапкершілік

8.1. Лицензиар халықаралық тәжірибеде жалпыға бірдей қабылданған қағидаттарға сәйкес Сервисті Пайдаланушыға «қалай бар» (as is) ұсынады. Лицензиар Сервисті пайдалану, жаңарту, қолдау және пайдалану процесінде туындайтын (соның ішінде басқа бағдарламалық өнімдермен туындайтын проблемалар (пакеттермен, драйверлермен және т.б.) үйлесімділік мәселелері, Сервисті пайдалану нәтижелерінің Пайдаланушының күткеніне сәйкес келмеуі, есептеулердегі қателер және т.б.) үшін жауапкершілік көтермейді. Пайдаланушы компьютерде немесе Пайдаланушының басқа құрылғысында орнатылған басқа бағдарламалық өнімдермен Сервистің сәйкес келмеуінен немесе қақтығыстарынан туындаған ықтимал теріс салдарлар үшін толық жауапкершілік көтеретінін түсінуі керек.

8.2. Пайдаланушы Пайдаланушы келісімінің талаптарын бұзуына байланысты Лицензиарда туындайтын барлық шығындарды Лицензиарға өтеуге міндетті.

8.3. Лицензиар келесі жағдайларда Пайдаланушы алдында жауапкершілік көтермейді:

  • Пайдаланушы келісімінің 10.10 т. қарастырылған міндеттерді орындамаудың салдарынан Пайдаланушыда залалдар туындаған кезде;
  • Пайдаланушы келісімінің 3.8 т. сәйкес Пайдаланушыға жіберілетін электронды хаттардың мазмұны үшін;
  • Пайдаланушының Сервисте орналастырылуы мүмкін бөгде (сыртқы) ресурстарға кіру нәтижелері үшін;
  • Лицензиардың бақылауынан тыс жағдайлар үшін, соның ішінде Пайдаланушының әрекеттері мен әрекетсіздігі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері үшін;
  • Пайдаланушының сервері мен Сервис орналасқан сервер арасында Интернет-қосылыстың болмауы (орнату, тоқтату және т. б. мүмкін еместігі) үшін;
  • Мемлекеттік және муниципалдық органдармен, сонымен қатар басқа да ұйымдармен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде іс-шаралар жүргізілген кезде;
  • Коммерциялық ұйымдардың Интернет желісіндегі шаруашылық қызметін мемлекеттік реттеуді (немесе өзге де ұйымдармен реттеуді) белгілеу және/немесе аталған субъектілердің Пайдаланушы келісімін орындауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін бір жолғы шектеулерді белгілеу кезінде;
  • Пайдаланушының Пайдаланушы келісімінің шарттарын бұзғаны үшін;
  • Профилактикалық және өзге де жұмыстарды жүргізумен байланысты Пайдаланушыда Сервис функционалына, Жеке кабинетке қолжетімділіктің уақытша болмағаны үшін, сонымен қатар осымен байланысты Пайдаланушының залалдары.

8.4. Пайдаланушы өзінің Жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылатын кез келген іс-әрекеттер үшін толық жауапкершілік көтереді.

8.5. Егер Пайдаланушы оны қауіпті ортада жұмыс істейтін немесе жұмыс істемей қалуы адамдардың өміріне қауіп төндіретін немесе үлкен материалдық шығындарға әкелуі мүмкін тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қызмет көрсететін ақпараттық жүйелерде пайдаланса, Сервис функционалына немесе оның бір бөлігіне қол жеткізу шектелуі мүмкін. Егер Пайдаланушының браузерінде барлық cookie файлдарын, сондай-ақ TOR желісін бұғаттау баптауы қосылған болса, Сервис немесе оның бөлігі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

8.6. Лицензиар Пайдаланушының Сервисті пайдалана отырып жасайтын іс-әрекеттері үшін үшінші тұлғалар алдында жауапкершілік көтермейді, сол сияқты Пайдаланушының үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

8.7. Тараптар Пайдаланушы келісімінде көзделген міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер бұл орындамау Тараптар алдын ала болжай алмаған немесе алдын ала алмаған төтенше сипаттағы жағдайлардың, оның ішінде өрттердің, су тасқындарының, дүлей апаттардың, соғыстардың, террористік актілердің, заңнаманың өзгеруінің нәтижесінде Тараптардың бірі өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындай алмайтын төтенше сипаттағы мән-жайлардың нәтижесінде Пайдаланушы келісімі жасалғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершілік көтермейді. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының әсері тиген Тарап 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде екінші Тарапқа еңсерілмейтін күш мән-жайларының орын алғаны туралы хабарлауы тиіс.

8.8. Пайдаланушы Жеке кабинетке қолжетімділік үшін өз деректерінің сақталуына, сол сияқты оларды рұқсатсыз пайдалану салдарынан туындауы мүмкін шығындар үшін өз бетінше жауапкершілік көтереді.

9. Дауларды реттеу

9.1. Пайдаланушы мен Лицензиар арасында даулар туындаған жағдайда, тараптар екінші тарапқа кінәрат-талап жіберуге міндеттенеді. Кінәрат-талапқа жауап беру мерзімі – оны алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні.

9.2. Егер тараптар дауды талап қою тәртібімен реттей алмайтын болса, дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың қаралуына табысталуы мүмкін.

10. Қорытынды ережелер

10.1. Пайдаланушы келісімінің шарттары ерекшеліксіз барлық Пайдаланушыларға қолданылады.

10.2. Пайдаланушы келісімі екіжақиы қол қоюды қажет етпейді және электронды түрде де жарамды.

10.3. Пайдаланушы келісімі Лицензиардың жария офертасы болып табылмайды.

10.4. Лицензиар тұтынушылық қарыздар беру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асырмайды және Қарыз шарты бойынша тарап, кепілгер, пайда алушы болып табылмайды. Кредитор мен Пайдаланушы Кредитормен Қарыз шартын жасасу нәтижесінде туындайтын Лицензиарға қандай да бір талаптар қоюға құқылы емес.

10.5. Пайдаланушы келісімі Пайдаланушы үшін ол Пайдаланушы келісімінің шарттарына қосылған сәттен бастап міндетті болып табылады. Пайдаланушы келісімі жасалатын мерзім – мерзімсіз.

10.6. Пайдаланушы келісіміне сәйкес Лицензиардың алдын ала келісімін алмай құқықтарды басқаға беруге, борышты аударуға және шартты беруге жол берілмейді.

10.7. Пайдаланушы келісімін тоқтату негіздері:

10.7.1. Пайдаланушы Пайдаланушы келісімінің шарттарын бұзған жағдайда Лицензиар Пайдаланушы келісімін орындаудан бас тартады;

10.7.2. Пайдаланушының Лицензиарға нысанды толтыру және «Сұрау салуды жіберу» батырмасын басу арқылы Сервистің ақылы функционалын пайдаланудан бас тартуға өтінімді жіберуі. Өтініштің нысаны https://credithero.kz/kk/unsubscribe/ мекен-жайы бойынша Интернет желісінде қолжетімді;

10.8. Лицензиар біржақты тәртіпте Пайдаланушымен келісусіз және хабарлаусыз Пайдаланушы келісіміне өзгерістер енгізуге құқылы.

10.9. Пайдаланушы Сервисте авторизациялау арқылы Пайдаланушы келісімінің өзгерістерін қабылдағанын растайды. Пайдаланушы Сервисте авторизациядан өткен сайын Пайдаланушы келісімі талаптарының өзгеруін дербес қадағалауға міндеттенеді.

10.10. Пайдаланушы тиісті өзгерістермен келіспеген кезде, ол Сервис функционалын пайдалануды тоқтатуға міндетті. Қарсы жағдайда Сервисті пайдалануды жалғастыру Пайдаланушы Пайдаланушы келісімінің жаңа редакциядағы шарттарымен келісетіндігін білдіреді.

10.11. Келісімнің өзекті нұсқасы келесі мекен-жай бойынша орналасқан: https://credithero.kz/kk/documents/polzovatelskoe-soglashenie/.

Лицензиардың байланыстары
«Перфоманс КЗ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

БСН: 210440026010

Орналасқан жерінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалинский район, Проспект Нұрсұлтан Назарбаев, дом 113/55, н.п. 40

Телефон: +77273122823

Электрондық поштаның уәкілетті мекен-жайы: hello@credithero.kz

 

Пайдаланушы келісіміне № 1 Қосымша
Лицензиар Кредиторларының тізімі

«Перфоманс КЗ» ЖШС кредитор болып табылмайды – қарыз немесе шағын несие бермейді. Шағын несие шарттарын кредиторлардың ақпараттық сайттарында немесе оларға тікелей жүгінген кезде нақтылауға болады.

Кредиторлар

    1. «Akshabar» МҚҰ» ЖШС; Мекен-жайы: 050059, Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 19 үй кеңсе. A29; Лицензия № 02.21.0020.М 12.03.2021 бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;; СТН 151240001473;
    2. «Деньги говорят» МҚҰ ЖШС; Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050023 Алматы қ., Бостандық ауд., Нұр Алатау ықшам ауданы, Е. Рахмадиев, 25а; ҚР ФРРР лицензиясы № 02.21.0028.M. 15.03.2021 бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    3. «Kredit Seven Kazakhstan (Кредит Севен Казахстан)» МҚҰ ЖШС; Мекен-жайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі 155а, 3-қабат; Лицензия № 02.21.0010.М жылғы 205.03.2021 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    4. «SOFI FINANCE» МҚҰ ЖШС (Cофи Финанс); Мекен-жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы 210, Б блогы, 12 қабат; Лицензия № 02.21.0024.М. 12.03.2021 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    5. «Quick Money» МҚҰ ЖШС; Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Шахворостов көшесі, 113; Лицензия: 05.21.0003.М. 02.07.2020 бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    6. «Creditum» МҚҰ ЖШС; Мекен-жайы: 050016, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, № 410/78 үй, 512 кеңсе; Лицензия № № 02.21.0064.М. 02.04.2021 бастапҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    7. «Lending and Financy technologies микроқаржы ұйымы» ЖШС; Мекен-жайы: 110 000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Амангелді көшесі, 46 үй; Лицензия №10.21.0004.М 12.03.2021 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    8. «ФинтехФинанс» МҚҰ ЖШС; Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 502, «TURAR» БО, 1-қабат; Лицензия № 02.21.0052.М 29.03.2021 бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    9. «Квику» МҚҰ ЖШС; Мекен-жайы: Қазақстан, Астана қаласы, индексі Z00T7K3, Амангелді Иманов көшесі, 19 ғимарат, 1002 кабинет; Лицензия: 01.21.0021.M 07.04.2021 бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    10. «Робокэш.кз» МҚҰ ЖШС; Мекен-жайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Райымбек даңғылы, 208а үй, 222 кеңсе; Лицензия № 02.21.0032.М 16.03.2021 бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    11. «Credit365 Kazakhstan» (Кредит 365 Казахстан)» МҚҰ ЖШС; Мекен-жайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Жұмалиев көшесі, 86 үй, 3 қабат, пошта индексі 050026; Лицензия № 02.21.0065.M. 05.04.2021 бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    12. «SM-INVEST» МҚҰ ЖШС; Мекен-жайы: Қазыбек Би көшесі 164. Алматы қ., Қазақстан Республикасы; Лицензия: № 02.21.0017.М. 11.03.2021 бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    13. «СиСиЛоун.кз» МҚҰ ЖШС; Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, 050012 Мұратбаев к-сі, 180 405 кеңсе; Лицензия: 02.21.2021.M 12.03.2021 бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    14. «аФинанс МҚҰ» ЖШС; Мекен-жайы: Алматы,Жамбыл көшесі, 77; Лицензия: №02.21.0023.M 12.03.2021 бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;
    15. «Салем Кредит» Микроқаржы ұйымы» ЖШС; Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 210, Koktem Grand БО, 11 қабат; лицензия №02.21.0060.М 31.03.2021 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген;

Серіктестер

    1. «Клик-ту-мани» ЖШС: БСН 220440049061; Мекен-жайы: ҚР, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 52 үй;
    2. «ENERGYLEADS (ЭНЕРДЖИЛИДС)» ЖШС: БСН 220940023175; Мекен-жайы: ҚР, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Тарас Шевченко к-сі, 4/1 ғимарат, 14;
    3. «MarketingCorp» ЖШС: БСН 220540014538; Мекен-жайы: ҚР, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әуезов көшесі, 175 ғимарат, 8А пәтер;
    4. «Звонобот Казахстан» ЖШС: БСН 181140029019; Мекен-жайы: ҚР, Алматы қаласы, Жібек Жолы даңғылы, 135 үй.
    5. «Лемонза» ЖШС: БСН: 220440016678; Мекен-жайы: ҚР, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 14 ғимарат, 908
    6. «Мобизон» ЖШС: БСН: 131240009772; Мекен-жайы: ҚР, Алматы қаласы, Алматы ауданы, Сейфулин даңғылы, 458/1 ғимарат, 520 кеңсе (5 қабат), Гоголь Сейфуллин к-сі, «Майсат» БО.