Пайыздарсыз микронесие

Үлкен мөлшерлемелер, қысқа қайтару мерзімдері, кез келген аударымдар үшін комиссиялар — осындай қорқыныштың бәрі несие алу қажеттілігіне бірінші рет душар болған адамдардың бойында пайда болады. Үрейлердің бір бөлігі шындыққа сай келеді, сондықтан барлық шарттарды толық зерттеп көру қажет. Алайда жаңа клиенттер Қазақстанда пайызсыз несие рәсімдей алады.

Төмен немесе нөлдік мөлшерлемелері бар МҚҰ-ларды Credithero сервисінен табуға болады. Сізге сауалнаманы толтыру қажет, ал сервис Сізге өтінішіңізде көрсетілген соманы мақұлдайтын компанияларды іріктеп көрсетеді.

Пайыздарсыз микронесие алуға бола ма?

Микронесие берудің жеңіл шарттарына жоғары пайыздар мен шағын қайтару мерзімдері ілесіп жүретініне қарамастан, бұл ереже үнемі жұмыс істей бермейді. Кейбір жағдайларда қарызға ақшаны пайызсыз алуға болады. Мұндай мүмкіндікті банктер мен МҚҰ-лар ұсынады.

Банктердің ұсыныстары

Мұнда пайызсыз несие алу мүмкін емес. Әйтсе де қарызға алынған ақшаны ақысыз пайдалануға болатын екі опция бар:

  • дүкенде рәсімделген тауарға бөліп төлеу опциясы;
  • несие картасы (шарттарда көрсетілген пайызсыз кезең ішінде ақшаны қайтарған жағдайда).

Бұл екі жағдайда да мақұлдауға ие болу үшін құжаттардың үлкен бір пакетін дайындау қажет болады. Мысалы, тұрмыстық техникаға несие рәсімдеген кезде, іс жүзінде ол несие өтелгенше банкте кепілдікте қалады. Сонымен бірге Сіздің ресми жұмысбастылығыңыз жайлы анықтама ұсынуыңыз, кепілгер табуыңыз, болымды шешімді күтіп бірнеше күніңізді жұмсауыңыз қажет.

Мақұлдаудан кейін де өзіндік қиындықтар бар, мысалы, несие картасын пайдалану кезінде. Көп жағдайда шарттарда аударымдарға тыйым салулар, қолма-қол ақша шешіп алуға жоғары комиссиялар жазылады, ал мұндай транзакциялардан кейін пайызсыз кезең жұмыс істемейді.

МҚҰ шарттары

Негізгі ереже — картаға пайызсыз несиені тек қаржы ұйымының бірінші рет қарыз рәсімдеп жатқан клиенттері ғана ала алады. Мұндай ұсыныстар жасырын комиссияларына және қосымша талаптарына қатысты үрей тудырғанына қарамастан іс жүзінде барлық шарттар ашық. Компаниялар аудиторияны тарту үшін осындай мүмкіндік ұсынады. Егер Сізге сервис ұнаса, онда Сіз дәл осы МҚҰ-ға сенетін боласыз.

Бұл жағдайдағы талаптар стандартты:

  • жас мөлшерінің шегі — 18 жас немесе 21 жас (ұйымға байланысы);
  • Қазақстан азаматтығы және ел аумағында тұрақты тұру;
  • шартқа қол қою үшін мобильді телефонның болуы;
  • расталған табыс көзі.

Ақша алу үшін карта немесе банкте шот болуы қажет. Біртектес өтініштерді толтыруға жұмсалатын уақытты үнемдеуге Credithero.kz сайтындағы бірыңғай сауалнама көмектеседі. Жүйе Сіздің жағдайға сәйкес келетін шарттары бар ұсыныстарды іріктеп шығады, содан кейін таңдалған ұйымдарға автоматты түрде сұранымдар жібереді.

Пайызсыз микронесиені картаға қалай алуға болады?

Несиені рәсімдеу үшін тез тіркелуден өтіңіз. Бұл рәсім 15 минуттан көп уақыт алмайды.

№1 кезең — деректерді нысанға енгізіңіз

Алдымен соманы және өтеу мерзімін анықтау қажет — ұсыныстар жиынтығы осыған байланысты. Мысалы, егер ұзақ мерзімге қарыз алмақшы болсаңыз, тізімде мұндай опциясы қолжетімсіз компаниялар көрсетілмейді.

Онлайн-сауалнамада сондай-ақ келесілерді көрсету қажет:

  • паспорттық деректер — ТАӘ, туған күніңіз, ЖСН;
  • өзіңіз тұратын елді мекен;
  • байланыс деректері — мобильді телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы;
  • банктік картаңыздың нөмірі.

Осы ақпараттың негізінде сервис автоматты түрде өтініштер құрастырады және оларды Сізге несиені мақұлдай алатын МҚҰ-ларға жібереді. Бұл Сіздің уақытыңызды үнемдейді.

№2 кезең — ұсыныстарды салыстырыңыз

Деректерді толтырғаннан және тексергеннен кейін Сіз әртүрлі шарттары бар компаниялардың тізімін көресіз. Олар пайыздарымен, комиссияларымен, мерзімдерімен, шешімдер қабылдау жылдамдығымен ерекшеленеді. Сізге оларды салыстыру және ең үздік ұсынысты таңдау қажет.

№3 кезең: — құжаттарды жүктеңіз

Ақша алу үшін Сізге құжаттардың скандарын немесе фотосуреттерін жіберу ғана қалады. Банктермен салыстырғанда мұнда тек паспорт қана жеткілікті. Егер тарихыңыз нашар болса, табысты растауды немесе борышкерлікті өтеу туралы құжаттарды сұратуы мүмкін. Соңғы қадам — шартқа қол қою, осыдан кейін Сізге мақұлданған сома аударылады.

Сұрақ-жауап

  1. Ақшаны пайызсыз қарызға қай жерде алған жақсы?

Егер Сізге қолма-қол ақша керек болса, онда МҚҰ-дан аласыз, себебі қолма-қол ақшаны кеңседен алуға немесе картадан шешіп алуға болады. Несие картасын рәсімдеген жағдайда банкоматтан сомаларды шешіп алғаныңыз үшін комиссиялар ұсталатынын, ал пайызсыз кезеңнің күші жойылуы мүмкін екенін ұмытпаңыз.

  1. Неліктен нөлдік мөлшерлемемен ақшаны тек бірінші рет алуға болады?

Компаниялар пайыздардың есебінен табыс табады, алайда өздерінің сервисін жаңа аудиторияға көрсету үшін олар өз қызметтерін тегін ұсынуға дайын.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сіздің жұмысыңыздың мәні неде? Мен өзім МҚҰ-ға өтінім жібере аламын.

Сервис өтінімдерді бос таратумен айналыспайды. Біздің сервисіміз талдау, тәжірибе және байланыстардың негізінде МҚҰ таңдайды. Сервиске қолжеткізу үшін алынатын төлемақы сізге шағын несие алуға кепілдік бермейді.

Егер мен басқа қалада тіркелген болсам, Нұр-Сұлтан қаласында несие ала аламын ба?

Әрине, бізде сіз үшін ұсыныстар бар, біздің сайттағы өтінімді толтырыңыз.

Сервиске қолжетімділік қанша тұрады?

Кредиторлардың лайықты ұсыныстарын іздеу үшін біздің сервис 3999 тнг./әр 5 күн сайын ақы алады.

Несиені қаншалықты тез алуға болады?

Бұл сіз қажет ететін сомаға байланысты. Біздің серіктестеріміздің арасында өтінім мақұлданғаннан кейін сізге бірден ақша аударуға дайын кредиторлар бар.