Ұзақ мерзімге микронесие

Қазір және осы жерде әлдебір нәрсені сатып алу немесе жалақыға дейін ептей тұру қажет болатын жағдайларда қысқа мерзімді несиелер көбіне адамдарды құтқарады. Алайда Қазақстанда адамдар одан да күрделі қаржылық қиындықтарға ұшырайтын жағдайлар сирек емес. Әрдайым қарызды тез қайтару мүмкін бола бермейді, сондықтан кейбір МҚҰ өз клиенттеріне қарызды ұзақ мерзімге беруге дайын. Мұндай қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер төменірек болса да, қарыз алушыларға көбірек талаптар қойылады, себебі ұйымдар күшті тәуекелге барады.

Credithero бас тартуды болдырмауға көмектеседі. Сервистің пайдаланушыларына несие көбіне мақұлданады, себебі жүйе олардың сауалнамалары бар өтініштерін талдайды және жоғары ықтималдықпен оң шешім қабылдайтын компанияларды іріктеп береді.

Ұзақ мерзімге микронесиені қалай алуға болады?

Ұзақ мерзімді несиелерді көбіне банктерде алады, себебі олардың мөлшерлемелері ең төмен. Алайда бұл өте күрделі және ұзақ. Мысалы, төменгі жас шегі оларда жоғары — шәкіртақы түріндегі азын-аулақ табысы болған жағдайда тіпті он сегіз жастағы студенттерге де ақша алуға мүмкіндік беретін ұйымдармен салыстырғанда оларда 21 жасқа дейін несиенің мақұлдануы іс жүзінде мүмкін емес. Сонымен бірге ресми жұмыс орнының болуы туралы анықтама қажет: жалақы толықтай «ақ», ал қаржылық жүктеме — минималды болуы тиіс. Егер Сізде ипотека немесе ірі несие бар болса, Сізге болымсыз жауап келуі мүмкін.

Үдеріс бірнеше күнге созылуы мүмкін банкпен салыстырғанда МҚҰ-да 10 минуттың ішінде өтінішті онлайн түрде рәсімдеуге және болымды жауап алуға болады. Ол үшін келесілер қажет:

  • Қазақстанның кәмелет жасына толған азаматы болу;
  • паспорттың немесе өзге жеке куәліктің фотосуретін ұсыну;
  • жеке және байланыс деректері бар сауалнаманы жіберу.

Тіпті нашар несие тарихымен де ұзақ мерзімге микронесие алуға болады. Credithero сервисінде нысанды толтырыңыз — біз Сіздің профиліңізді талдаймыз, БНБ-дан рейтингіңізді сұратамыз, Сіздің жағдайға сәйкес келетін шарттары бар ұсыныстарды іріктеп аламыз.

Ұзақ мерзімді микронесие алуға өтінішті қалай рәсімдеуге болады?

Біздің сервисте тым болмаса бір МҚҰ-дан болымды жауап аламын деген үмітпен ондаған өтініштерді рәсімдеу қажет емес. Бірнеше қарапайым әрекеттерді орындау қажет. Бүкіл үдеріс 15 минут уақытты алады, ал шартты рәсімдегеннен және оған қол қойғаннан кейін қажетті сома жарты сағаттың ішінде банктік картаңызға келіп түседі.

Оны қалай жасауға болады?

№1 қадам: соманы және қайтару мерзімін таңдау

Бірінші кезеңде қанша теңге алуды жоспарлап жатқаныңызды, несиенің Сізге қандай мерзімге қажет екенін көрсету керек. Бұны ең басында жасау маңызды, себебі кейбір МҚҰ ұзақ мерзімге ақша бермейді, екі аймен ғана шектеледі. Клиенттердің сұранымдарын біле отырып Credithero сервисі серіктестер желісіне 1 жылға дейінгі мерзімге қарызды мақұлдауға дайын ұйымдарды кіргізді.

№2 қадам: алаңдарды дербес деректермен толтыру

Қажетті соманы алу ықтималдығын бағалау үшін сервиске ақпарат қажет, сондықтан нысанда келесілерді дұрыс көрсетіңіз:

  • тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын;
  • туған күніңізді;
  • паспорттың нөмірін немесе ЖСН;
  • байланыс деректерін — e-mail, мобильді телефоныңыздың нөмірін;
  • тұратын жеріңізді (қаланы көрсету жеткілікті).

Ары қарай ақша аударылатын банктік картаны тағайындау қажет.

№3 қадам: компаниялардың шарттарын салыстыру

Сауалнаманы талдаудан кейін жүйе әртүрлі шарттары бар МҚҰ тізімін құрастырады. Олар мерзімдері, пайыздары, комиссиялары, қарыз алушыларға қоятын талаптары бойынша ерекшеленеді. Автоматты сүзгінің арқасында Сіз тек өз өтінішіңізге сәйкес келетін ұсыныстарды ғана көресіз. Сізге тек қай ұйымнан несие алатыныңызды таңдау ғана қалады.

№4 қадам: құжаттарды жіберу

Соңғы кезеңде таңдалған МҚҰ-мен SMS көмегімен шартқа қол қоясыз және картаңызға ақшаңызды аласыз. Ол үшін Сізден құжаттарыңыздың фотосуреттері талап етіледі. Әдетте паспорт жеткілікті болғанымен, ұзақ мерзімді қарыз жағдайында табыс көзін растайтын құжатты: жалақы туралы анықтама, пәтерді жалға беру туралы шартты, шоттардан үзінділерді немесе әлеуметтік төлемдер/зейнетақы/шәкіртақы алатыныңыз туралы құжаттарды сұрауы мүмкін.

Сұрақ-жауап

  1. Ресми түрде жұмысқа орналаспаған адамдарға ұзақ мерзімді несиелер беріле ме?

Банктерде — берілмейді, МҚҰ-да — беріледі. Алайда бұл Сізде қарызды өтеу үшін тұрақты табыс көзі болуы тиіс екенін жоққа шығармайды.

  1. Қандай мерзімге микронесие алуға болады?

Максималды кезең — 1 жыл, алайда бұл опцияны компаниялардың бәрі бірдей ұсынбайды. Көбіне 60 күнге дейінгі ұсыныстар кездеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сіздің жұмысыңыздың мәні неде? Мен өзім МҚҰ-ға өтінім жібере аламын.

Сервис өтінімдерді бос таратумен айналыспайды. Біздің сервисіміз талдау, тәжірибе және байланыстардың негізінде МҚҰ таңдайды. Сервиске қолжеткізу үшін алынатын төлемақы сізге шағын несие алуға кепілдік бермейді.

Егер мен басқа қалада тіркелген болсам, Нұр-Сұлтан қаласында несие ала аламын ба?

Әрине, бізде сіз үшін ұсыныстар бар, біздің сайттағы өтінімді толтырыңыз.

Сервиске қолжетімділік қанша тұрады?

Кредиторлардың лайықты ұсыныстарын іздеу үшін біздің сервис 3999 тнг./әр 5 күн сайын ақы алады.

Несиені қаншалықты тез алуға болады?

Бұл сіз қажет ететін сомаға байланысты. Біздің серіктестеріміздің арасында өтінім мақұлданғаннан кейін сізге бірден ақша аударуға дайын кредиторлар бар.