Нашар несие тарихымен микронесие

Несие рейтингі — Қазақстандағы банктер мен көптеген МҚҰ-лардың ақша беру кезіндегі оған сүйеніп өз тәуекелдерін анықтайтын басты критерийлердің бірі. Нашар тарихы бар адамға қарыз алу өзгелермен салыстырғанда әлдеқайда қиынырақ. Кешіктірілген төлемдер мен борышкерліктер — ұйымдар үшін қызыл жалаушалармен бірдей. Егер қарыз алушы бір компанияға қарызын қайтармаса, жағдайдың қайталану ықтималдығы жоғары.

Уақытынан кешіктірілген төлемдер, орындалмаған міндеттемелер тарихты бұзады. Жаңа бас тартуды болдырмау үшін жаңа өтініш жіберер алдында өз рейтингіңізді біліңіз. Бұны клиенттер туралы ақпаратты ресми көзден — Бірінші несие бюросынан алатын Credithero сервисі арқылы жасауға болады.

Өз несие рейтингіңізді қалай білуге болады?

Ақпаратты алу үшін Сіз келесі әрекеттерді жасай аласыз:

  • тарихты Қазақстанның кез келген аймақтық ХҚО-дан (Халыққа қызмет көрсету орталығынан) сұрату;
  • БНБ-ға өз бетіңізше өтініш жіберу;
  • Credithero сервисінде сауалнама толтыру.

Алғашқы екі жағдайда клиенттің жеке өзінің келуі қажет. Оның үстіне Бірінші несие бюросы бұл қызметті жылына бір рет қана тегін көрсетеді. Егер нашар рейтингіңізді борышкерліктеріңізді өтеудің есебінен түзетіп жатсаңыз, өзгерістерді ақша төлеп қадағалауға тура келеді.

Біздің сервисімізде жазылу бойынша «Рейтингті білу» функциясын кез келген уақытта пайдалана аласыз. Профильді жасағаннан кейін ақпаратты жедел алып отыра аласыз — жеке өзіңіздің келуіңіз қажет емес, ағымдағы қарыздарыңыз бен кешіктірілген төлемдер туралы барлық деректер онлайн жүктеледі. Осының арқасында микронесиенің мақұлдану ықтималдығы және олар бойынша әртүрлі МҚҰ-лардан несие алатын шарттар туралы білуіңізге болады.

Нашар несие тарихымен микронесиені қалай алуға болады?

Банктер үлкен қаржылық жүктеме жағдайында несие бермейді. Егер Сіздің міндетті төлемдеріңіз (алименттер, айыппұлдар), ағымдағы қарыздарыңыз бар болса, онда несие алуды сәті түспейді. Сонымен бірге бірқатар талаптарды орындау қажет болады, мысалы, ресми жұмысбастылық туралы анықтаманы өткізу, кепілгерді табу және т.с.с.

Credithero сервисінің көмегімен бұны жасау әлдеқайда жеңіл, себебі сервис әртүрлі МҚҰ-лармен ынтымақтастық жүргізеді және Сіздің сауалнамаңызға сәйкес мақұлдаудың жоғары ықтималдығы бар ұсыныстарды іріктей алады. Үдеріс жарты сағаттан көп уақытты алмайды.

Не істеу керек?

№1 қадам: сауалнама толтыру

Рейтингіңіз туралы ақпарат алу үшін жүйеге келесі деректер қажет болады:

  • ТАӘ;
  • туған күніңіз;
  • паспорттың нөмірі немесе ЖСН;
  • тұратын жеріңіз.

Сондай-ақ нысанға байланыс деректерін — электронды пошта мекенжайын, телефон нөміріңізді енгізу қажет. Несие алу ықтималдығын бағалау үшін қажетті соманы және әлеуетті өтеу мерзімін көрсетіңіз. Соңғы кезеңде өтінішті мақұлдаған жағдайда ақша келіп түсетін картаның нөмірін қосып тіркеңіз.

№2 қадам: ұсыныстарды зерттеу

Деректерді алғаннан кейін сервис Сіздің профиліңізді талдайды. Толтыру кезінде қате жібермеген болсаңыз, верификациялау 2 минут уақытты алады, ал тарих туралы ақпарат автоматты түрде жүктеледі. Рейтингке сүйене отырып жүйе кешіктірілген төлемдерді және борышкерліктерді есепке ала отырып Сізге несие бере алатын ұйымдарды іріктеп шығады.

№3 қадам: МҚҰ-мен шартқа отыру

Бұл кезеңде Сіз компаниялардың тізімін және олардың шарттарын көресіз. Сіздің міндетіңіз — ұсыныстарды салыстыру және үздігін таңдау. Осыдан кейін Сіз тікелей ұйыммен байланысқа шығатын боласыз. Бұл ретте еш нәрсені қайтадан толтыру қажет болмайды — сұраным автоматты түрде жіберіледі.

Верификациялау үшін паспорт немесе басқа жеке куәлікті, ал кейбір жағдайларда жалақыны растайтын құжатты талап етуі мүмкін. Нашар несие тарихы жағдайында чектерді немесе үзінді көшірмелерді қосып тіркеуіңізге болады.

Растаудан кейін шартты рәсімдеу ғана қалады. Бұл онлайн жүзеге асырылады. Несиені растау үшін бұған дейін көрсетілген телефон нөміріңіз қолданылады. Бірнеше минуттың ішінде ақша автоматты түрде банктегі шотыңызға келіп түседі.

Сұрақ-жауап

  1. Төмен рейтингті қалай түзетуге болады?

Ең қарапайым тәсілі — борышкерліктерді өтеу. Сізге анда-санда шағын несиелер алып тұруға және сомаларды уақтылы қайтарып отыруға болады. Кешіктірілген төлемдерсіз Сіздің тарихыңыз жақсарады, сонда Сіз жақсы шарттармен қарыз ала аласыз.

  1. Несие бойынша оң шешім алуға өз мүмкіндіктерімді жоғарылатудың тәсілдері бар ма?

Иә. Басты кеңес — жіберер алдында сауалнаманы тексеріңіз және толық ақпаратты хабарлаңыз. Қарыздарды жасыра немесе табысыңызды артық көрсете отырып Сіз өзіңіз туралы жаман әсер қалдырасыз. Сіздің профиліңіздің БНБ-дан алынған шынайы бейнесі барлық қаржы ұйымдарына қолжетімді екенін ұмытпаңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сіздің жұмысыңыздың мәні неде? Мен өзім МҚҰ-ға өтінім жібере аламын.

Сервис өтінімдерді бос таратумен айналыспайды. Біздің сервисіміз талдау, тәжірибе және байланыстардың негізінде МҚҰ таңдайды. Сервиске қолжеткізу үшін алынатын төлемақы сізге шағын несие алуға кепілдік бермейді.

Егер мен басқа қалада тіркелген болсам, Нұр-Сұлтан қаласында несие ала аламын ба?

Әрине, бізде сіз үшін ұсыныстар бар, біздің сайттағы өтінімді толтырыңыз.

Сервиске қолжетімділік қанша тұрады?

Кредиторлардың лайықты ұсыныстарын іздеу үшін біздің сервис 3999 тнг./әр 5 күн сайын ақы алады.

Несиені қаншалықты тез алуға болады?

Бұл сіз қажет ететін сомаға байланысты. Біздің серіктестеріміздің арасында өтінім мақұлданғаннан кейін сізге бірден ақша аударуға дайын кредиторлар бар.